«№24 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
0
Біз туралы

Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп- гимназия- сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған алдыңғы қатарлы білім ордасының бірі. Бұл – ынтымағы бірлескен айқын мақсат жолында жұмыс жасайтын оқушылар мен мұғалімдер ұжымы.

 

Жетістіктердің ең бастысы - бірыңғай мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда бірлесе жұмыс істейтін мектеп- гимназияның барлық қызметкерлері: мектеп әкімшілігі, педагогтар, медицина, асхана, есеп қызметкерлері, кіші қызметкерлер әрқайсысы өз міндетін адал атқара отырып, үлкен маңызды іске – адам мен азаматты тәрбиелеуде өз үлестерінің қосуда.

 

№24 лингвистикалық мектеп-гимназия ғимараты 1972 жылы педагогикалық институттың корпусы болып іргетасы қаланған.

 

1992 жылы №37 бастауыш мектебі, 1996 жылы №24 орта мектеп болып қайта ашылған.

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформа талаптарына сай 2002 жылы 20 тамызда Ақтөбе қаласы әкімінің №710 өкімімен №24 орта мектеп - №24 лингвистикалық мектеп – гимназия мәртебесіне өзгертілді.

 

Лицензия № 0142040   23.05.2011 ж

Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі 144 «А» үй

Мектеп директоры: Ешмухамбетова Галия Агымбетовна

 

Мектеп директорының орынбасарлары:

Матенова Газиза Жаймухамбетовна

Жантөре Мағрипа Қалдыбайқызы

Мамутова Гулнар Утимисовна

Амантаева Гулзат Аманкелдина

Тұрақбай Жансәуле Сүйепқызы

 

№24 лингвистикалық мектеп-гимназия - 2010 жылы «Облыстың үздік инновациялық мектебі» номинациясын иеленді.

2012-2013 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша қала мектептері арасында І орынды иеленіп, облыс әкімнің грантымен марапатталды.

2014-2015 оқу жылында мектеп-гимназия жалпы жұмыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды иеленіп, облыс әкімінің грантына ие болды.

2017-2018 оқу жылында 1183 оқушы, 46 класс комплектісі

Барлығы - 95 мұғалім

Жоғары санатты- 27 мұғалім

Бірінші санатты - 17 мұғалім

Екінші санатты - 18 мұғалім

Деңгейлі бағдарлама бойынша -19 мұғалім сертификатталған