Ақтөбе қаласындағы "№24 лингвистикалық мектеп-гимназия" КММ
0
Біз туралы

 

Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп- гимназия - сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған алдыңғы қатарлы білім ордасының бірі. Бұл – ынтымағы бірлескен айқын мақсат жолында жұмыс жасайтын оқушылар мен мұғалімдер ұжымы.

Жетістіктердің ең бастысы - бірыңғай мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда бірлесе жұмыс істейтін мектеп- гимназияның барлық қызметкерлері: мектеп әкімшілігі, педагогтар, медицина, асхана, есеп қызметкерлері,  кіші қызметкерлер әрқайсысы өз міндетін адал атқара отырып, үлкен маңызды іске – адам мен азаматты тәрбиелеуде өз үлестерін қосуда.

№24 лингвистикалық  мектеп-гимназия ғимараты 1972 жылы педагогикалық институттың корпусы болып іргетасы қаланған.

1992 жылы №37 бастауыш мектебі, 1996 жылы №24 орта мектеп болып қайта ашылған.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформа талаптарына сай  2002 жылы 20 тамызда Ақтөбе қаласы әкімінің   №710 өкімімен №24 орта мектеп -   №24 лингвистикалық мектеп – гимназия  мәртебесіне өзгертілді.

Лицензия № 0142040   23.05.2011 ж

Мектеп мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі 144 «А» үй.

Мектеп директоры: Ешмухамбетова Галия Агымбетовна

Мектеп директорының орынбасарлары:

1. Матенова Газиза Жаймухамбетовна

2. Жантөре Мағрипа Қалдыбайқызы

3. Мамутова Гулнар Утимисовна

4. Амантаева Гулзат Аманкелдина

5. Тұрақбай Жансәуле Сүйепқызы

Мектеп-гимназияның негізгі бағыттары.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы   26 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес лингвистикалық бағыттағы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері гимназия кластарында кеңейтіліп оқытылады.  5-6 кластарда элективті курсқа бөлінген сағат есебінен француз тілі жүргізіледі. Оқу жоспарының вариативтік бөліміндегі таңдау пәндері есебінен 7 кластарда француз тілі, 8-9 кластарда биология пәні ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар 7-9 кластарда Қазақстан тарихы пәні кеңейтіліп оқытылады. Мектеп-гимназиядағы дарынды оқушылармен жоғарғы оқу орындарының ғалымдары элективті курс жүргізеді.

2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша қала көлеміндегі  үздік он мектептің алдыңғы қатарында көрініп,  жақсы жетістікке қол жеткізгені үшін бейнекамераға ие болды.

2018-2019 оқу жылындағы жоғарғы нәтиже көрсеткені үшін «Дарындылар мекені» марапатын, 2018-2019 оқу жылында №24 лингвистикалық мектеп-гимназия республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша республикалық олимпиадалық мектептердің ішінде бірінші орынды жеңіп алды.

Мектеп-гимназия директоры  оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына білім ордасында қолайлы жағдай туғызып, жан-жақты жоспарлай отырып, нәтижелі жұмыс жасап келеді.

Мектеп-гимназияда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы және тарих кафедрасының филиалдары жұмыс жасайды. Қалалық зияткерлік спорт мектебі,  Жастар шығармашылық орталығы, «Ақтөбе-Қазақстан» телеарнасы, облыстық «Алақай» қуыршақ театрымен тығыз байланыс орнатылған, осы негізде тоғызқұмалақ, домбыра,би, қолөнер, драма, дебат,тілші, робототехника үйірмелері жұмыс жасайды. Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді оқушы бойына сіңіру мақсатында Қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетімен, «Аналар», «Әкелер» кеңестері мүшелерімен бірлесе отырып жүргізген жұмыстарын көпке үлгі етуге болады.

2019 жылы мектептің жылу жүйесіне, электр желісіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 2020 жылы мектеп ғимараты толық күрделі жөндеуден өтті. Биылғы оқу жылы жаңарған ғимаратта басталды. Сонымен қатар мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасы соңғы үш жылда айтарлықтай дәрежеде жаңартылды.

 

Мектеп- гимназия паспорты

Мекен жайы

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 144 А үй

Мектептің типі

Мектеп-гимназия 4 қабаттан тұратын типтік ғимаратта орналасқан.

Мектептің түрі

Орта білім беру мекемесі

Жобалық қуаты

860

Мектеп территориясының жалпы аумағы

1,8066 га.

Мектеп ғимаратының аумағы

5042,1м2.

Мұғалімдердің  туралы ақпарат

Барлығы -109 мұғалім

Жоғары білімді-104 мұғалім

Арнаулы орта-5 мұғалім

Жоғары санатты-10

Бірінші санатты-5

Екінші санатты-8

Педагог-зерттеуші-25

Педагог-сарапшы-12

Педагог-модератор-18

1.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» иегері-3 2.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің

«Алғыс хат» иегері-4 3.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин Білім беру Акамедиясы «Алғыс хат» иегері-3 4.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Алғыс хат» иегері-4

Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері

Мектепте жалпы  34 оқу кабинеті бар. 1 физика кабинеті, 1 химия кабинеті,  1 биология, 1ақпараттандыру кабинеті, 1 роботехника кабинеті, информатика кабинеті,  технология ер балалар үшін 1 кабинет, технология қыз балалар үшін 1 кабинет бар. Сонымен қатар мектепте 1 спорт зал, 1 хореография залы және мәжіліс залы, кітапхана , алғашқы техникалық  әскери дайындық пәніне арналған 1 оқу кабинеті бар. Мектеп асханасы 100 орындық, мәжіліс залы   120 орындық. Мектеп-гимназияда түрлі бағыттағы 30 үйірме жұмыс жасайды.

 

Қазіргі заманғы интерактивті жабдықтар, оқу кабинеттері

View the embedded image gallery online at:
https://mektep24.kz/14589852.html#sigFreeId7a174f9a0a

Кәсіптік бағдар беру

Кәсіби бағдар бойынша психологиялық тест алынып, әр оқушының жауабына қарай сөз, өнері, дене еңбегі, ұйымдастыру қызметі, бизнес, әлеуметтік жұмыс сияқты қабілеттері анықталып, класс сағаттары, кластан тыс шаралар өткізіліп,  оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді.